Жақсылық Искаков - құтқарушы 

Жақсылық Искаков 1974 жылы 8 мамырда дүниеге келген. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар органдары жүйесінде 2006 жылы шілдеден бастап қызмет атқаруда.

Ж.Искаков Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасағының Қарағанды қ. №3 құтқару бөлімшесінің басшы-құтқарушысы бола тұра, Қарағанды қаласының және облысының объектілерінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге бірнеше рет қатысты.  Өзінің кәсіби деңгейін көтеру үшін әрдайым жұмыс істейді. Құтқару бөлімшелерінің авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу дағдыларын жетілдіру бойынша «Қазқұтқару» құтқару бөлімшелерінің республикалық және халықаралық жыл сайынғы жиын-семинарына белсенді түрде қатысуда.

2009 жылдың 10-13 желтоқсан аралығында Теміртау қ. Красная Нива ауылы аймағында  далада  жоғалған балаларды іздеуге  қатысты.

Ж.Искаков 2010 жылғы қаңтарда Балқаш қаласындағы «Дарьял-У» радиолокациялық станцияның құлауының салдарын жоюға, авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстарына тікелей қатысты. Іздеу-құтқару жұмысы барысында  үйінді астынан 3 қаза тапқанды шығарды.

Қарағанды облысының Абай ауданы, Жон ауылдық округінде  2010 жылы 27 ақпанда  қар құрсауында 4 бірлік автокөлік тұрып қалды.  Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғарғы санатты құтқарушы Жақсылықтың іздестіру-құтқару жұмыстарына тікелей қатысуымен 5 адам эвакуацияланды. 2010 жылы  17 наурыздан 24 сәуірге дейін Шығыс Қазақстан облысында көктем мерзімінің төтенше жағдайының алдын алу және жою бойынша жұмыстарды атқаруға тікелей қатысты. Тұрғындарды, малдарды эвакуациялады, тасқынға қарсы шаралар жүргізді, құбыр желісін тазалады, еріген суды кетіру үшін траншея төседі, жағаларды бекітті.

2010 жылы ЭҚҰЫ қатысушы елдерінің Саммитін өткізу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін өткізуге қатысты. 2011 жылғы 5-10 қаңтар аралығында Қарағанды облысының Приозерск қаласында қазандықтың авариялық тоқтауын жою, жылу жүйесін жібіту бойынша  авариялық-құтқару және  шұғыл  жұмыстарға белсенді қатысты.

2011 жылғы қаңтарда Астана қаласында 2011 жылғы 7 қысқы Азия ойындарын өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларға қатысты. 

2010 жылғы сәуір айында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Алғыс хатымен  марапатталды.

2012 жылы ІІІ дәрежелі «Құтқарушы» төсбелгімен марапатталды.

2014 жылғы наурыз айында  Бұқар жырау ауданы «Көкпекті» ауылын су басу салдарын жоюға белсене қатысты.

2017 жылы қаңтарда Шахан кентіндегі тұрғын үйдің құлауы салдарын жоюдың барлық  кезеңінде үйінді астынан адамдарды құтқару мен шығару, Шахан кентіндегі бұзылған құрылыстарды қарау бойынша жұмыстарға ат салысты.