Қазіргі жастардың арасында қоғамдық, мәдени шараларға қызығушылық танытатын жастар жоқ деген пікірде болсаңыз, Жадыра Жүсіпова туралы оқыңыз. Уақытын тиімді пайдалана білетін кейіпкеріміз айналасына пайдасын тигізе білетін, жан-жағына шуақ шашып, бәріне үлгеретін жігерлі жас.

Жоғары оқу орынының қабырғасында жүргенде-ақ, Жадыра белсенділігімен көзге түскен. Бүгінде жастар саясатын дамытуға өзіндік үлесін қосып келеді. Ж.Жүсіпова Павлодар облысының «Жастар бастамасын дамыту» орталығында инспектор қызметін атқаруда. Сондай-ақ, жергілікті «Жалын» еріктілер клубына да жетекшілік етеді. Республикалық жастар форумының қатысушысы. Бір басында бірнеше өнер тоғысқан. Облыстық ән байқауының женілпазы. Абай оқулары сайысына қатысып, жүлделі орын иеленді. Белсенді қызметі үшін қала әкімінің алғыс хатымен марапатталған.