Жанат Жүнісбекова – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Жанат Мансұрханқызы Ресей Федерациясы Жаратылыстану ғылымдары Академиясының профессоры, заң ғылымдарының магистры. 100-ден астам ғылыми, ғылыми-көпшілік және әдеби мақалалары жарық көрген. Халықарлық республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференцияларда баяндамалар жасап нәтижеі оқу үрдісіне енгізілген. «Түркістан өлкесінің ортағасырлық көшпелі өркениет тарихы» (2010), «Қазақстан тарихы пәнінен практикум» (2011), «Қазақстан тарихы пәнін оқыту методикасы» (2012), «ҚР Президентінің еңбектері» оқу құралы (2013), «Қазіргі заман Қазақстан тарихы» лекциялар жинағы (2017), 4 тарих магистрін, 47 тарих бакалавріне ғылыми жетекшілік жасаған. Ғылыми жетекшілік жасаған 2 оқушысы республикалық, 3 оқушысы облыстық ғылыми жоба байқауында жеңімпаз болған.

Жанат Мансұрханқызы «Сократ» Алтын медаль (РФ), «М.Ломоносов» атындағы медаль (РФ), «Ұлт азаттық көтеріліс-100 жыл» естелік медалі (ҚР), «Белсенді Ұстаз» ОҚО әкімінің дипломы, «Жастар арасындағы отансүйгіштікпен білім беруге тәрбиелеудегі еңбегі үшін» Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хаты, ОҚО  ішкі саясат  бөлімінің Алғыс хаты, «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» ОҚО салт-дәстүр орталығының Алғыс хатымен марапатталған. 2010-2014 жылдары ОҚО, Төлеби ауданы Қ.Тыныбеков атындағы орта мектептік «Тарих» пәнінен үздік оқушыларға өз есебінен арнайы бір реттік степиендия берген. 2012 жылы «Отырар» Университетінің кітапханасына жалпы құны 150 мың теңгелік өз авторлығындағы «Түркістан өлкесінің ортағасырлық көшпелі өркениет тарихы», «Қазақстан тарихы пәнінен практикум» оқулықтарын тапсырған.