Жанбатыр Сайлауұлы – Аударыспақтан жаттықтырушы, Көкпардан Қазақстан чемпионатының 3 дүркін чемпионы, Теңге алу сайысының чемпионы.

Аударыспақ — спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі. Ал, көкпар көшпенделердің байырғы заманнан бері келе жатқан ғұрыптық ойыны. Міне, ұлттық спортты жанына серік еткен Жанбатыр Бекмұсаев Төлеби ауданының намысын қорғап, тек жеңіс тұғырынан көрініп жүрген азаматтардың бірі. Азия чемпионының ұстазы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы. Тіпті, Қытайда өткен Азия чемпионатында «Үздік төреші»  номинациясын ұтып алған.

Жанбатыр Сайлауұлы 1975 жылы 11 желтоқсан Төлеби ауданында дүниеге келген.  Отбасында 2 қыз, 4 ұл тәрбиелеп отыр.