Жандос Есімхан – әскери қызметкер

Жандос Құттыбайұлы өзінің ерлігі үшін, Қазақстан Респубикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ІІ дәрежелі "Шекара қызметінің үздігі" төсбелгісінмен марапатталған. Әскери қызметте жүріп, өзінің батылдылығымен, дәл уақытында дұрыс шешім қабылдай алатын қағылезділігімен ерекшеленген.

1996 жылы 23 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысында Бәйдібек ауданы Шаян ауылында дүниеге келген. 2002-2013 жылы аралығында М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде білім алған. 2013-2015 жылдары Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде "Радиоэлектроника және байланыс" мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

Қазіргі уақытта "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалында жастар практикасымен қызмет атқарып жүр.

2015 жылдың шілде айынан бастап, 2016 жылдың сәуір айына дейін Қазтелекомда электромонтер болып қызмет атқарған. 2016 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласында 3 ай оқу жаттығуында болып, Достық станциясында Бақылап өткізу пункінде негізгі әскери міндетін атқарып, 2017 жылы сәуірде әскерден келген. Әскери борышын атқару барысында, Достық станциясында Бақылап өткізу пункінде жасалған шабуылдарға қарсы әрекеттерде өзіне жүктелген міндетті мінсіз және уақытылы орындағаны үшін бірнеше мараптталрға ұсынылды.