Жангибай Ахмедов – мектеп директоры

Жангибай Тинчилиұлы мектеп тұтқасын ұстағалы бері, оқу ордасында білім сапасы жоғарылап, білікті мамандар тартылып, Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының "Жамбыл Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі еліміздегі үздік он мектептің қатарынан табылып отыр. Бұл директор болып отырған Ж.Ахмедовтың тікелей еңбегі деуге әбден болады.

Ол 1972 жылдың 1-қаңтарында Өзбекстан Республикасы, Самарқан қаласында дүниеге келген.

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. Бұл жердегі мұғалім сөзін директормен алмасытырып, Жангибай Тинчилигұлы жайлы айтса жарасып-ақ тұр. Атқарған еңбектерінің арқасында ол "Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісінің иегері атанып, ОҚО кәсіподақ ұйымының "Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер" белгісімен 2 рет марапатталып отыр. Сонымен қатар,  "Дарын" РҒТО-нің "Құрмет" грамотасымен марапатталған.

Ал 2017 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша мектеп-интернат Республика көлеміндегі мамандандырылған білім беру ұйымдарының "Үздік ондығына" енгені үшін, ҚР білім және ғылым министрлігінің Құттықтауы табысталды. Білікті басшының аз уақыт ішінде атқарған еңбегі бұл.