Жәңгірхан Оразбаков Бимахаұлы – 2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы  аудандарының арасында  бірінші болып «эндовидеохирургия» саласында ота жасау түрін енгізген жоғары дәрежелі хирург-дәрігер.

Шаһар бойынша  штаттан тыс бас маман-хирург-дәрігер.

2012 ж. «Латороскопиялы аппендоэктомия өткізу  кезінде құрт тәрізді өсіндінің тұқылын байлау тәсілі куәлігінің авторы.

1992 жылы «Іш қуысы мүшелерінің жедел хирургиясы» тақырыбы бойынша  Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру  институтында мамандығын, 1993 ж. Алматыда Онкология және радиология институтында Эзофаго-гастро-дуоденоскопия, рахеобронхоскопия бойынша  мамандығын жетілдірді.

1997 ж. Шымкент қаласының облыстық денсаулық сақтау бөлімінің аттестациясынан өтіп,  дәрігер-хирургтың бірінші сапалық дәрежесі берілді.

 2000 ж. Алматы медицина институтында «Лопороскопиялық хирургия» бойынша, 2001 ж.  Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында «Жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда қала тұрғындарына емдеу профилактикалық көмегін  басқару  және ұйымдастыру дың  сұрақтары»  мамандығын жетілдірді.        

 2011 жылдың үздік хирург дәрігері дипломымен марапатталды.

2007-2009 жылдары Ресейдің Москва Санкт-Петербург қалаларында білімін жетілдірді.   1993 жылдан бері  ХҚТУ-де  хирургия саласында дәрістер, ал 2016 жылдан бастап «эндовидеохирургиядан» практикалық  сабақ береді. Қазіргі таңда 10-ден аса шәкірттері Қазақстанның түкпір-түкіпірінде қызмет атқарып жүр. Соңғы 5-7 жылдың ішінде лапароскопиялық урология, гинекологияның облыс көлемінде жасалатын оталарының барлық түрін енгізді.