Жансая Мусина - Бөкей орда ауданының Құрметті азаматы,дарынды,ойы жүйрік, сөзге шешен айтыс ақыны, білімді де білікті ұстаз. 


БҚО Бөкей Ордасы ауданының орталығы ,Сайхын селосында 1985 жылы 12 наурызда дүниеге келген. 2002 жылы Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жанындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатын бітірген. 
2002-2006 ж М.Өтемісов атындағы БҚМУ жылғы түлегі. 2013 жылы аталған оқу орнының магистратурасын аяқтаған. 
Қарағанды қаласында "Жас толқын" республикалық студенттер айтысында бас жүлде, 2005 ж. Сырым Датұлының 265 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысында бас жүлде, 2007 ж Талдықорған қаласында Сүйінбай Аронұлының 190 жылдығына арналған халықаралық ақындар айтысында ақын Сара атындағы 2-жүлде, 2010 ж Шымкентте өткен дәстүрлі «Наурыз» айтысында бірінші орын , 2011 ж. Маңғыстау облысында өткен Қашаған Күржіманұлының 170 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысында бас жүлде, 2013 ж. Шымкент қаласында өткен Абылайханның 300, Төле бидің 350 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысында Абылайхан атындағы Бас Жүлде, 2015 жылы Бөкей ордасы ауданының Хан ауылында өткен «Тарихы терең Қазақ елі» республикалық ақындар айтысында Бас жүлде. 2017ж Алаш Орданың 100 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысында бас жүлде. 
Ақын қыздың айтыс үлгісі «Жайықтың айтысына жарты ғасыр» атты жинаққа енген.