Жарылқасын Дәулет 1963 жылдың 20 маусымында Бәйдібек ауданы Майбұлақ совхозы Ағыбет елді мекенінде дүниеге келген.

1980 жылы осы ауылдағы орта мектепті бітіріп, Ақмешіт совхозында фотограф болып жұмыс істеген. 1983-1984 жылдары аудандық «Алғабас» газетінде фото тілші және сатира бөлімінде қызмет атқарған.1989-1992 жылдары «Жалын» журналы, «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» газеттерінде тілші болып жұмыс істеген.  1992-1999 жылдары Республикалық «Сүзеген сөз» сатиралық газетінің бас редакторы. 1994-2001 жылдары  «Қожанасыр» компаниясының, 2001 жылдан «Нұрлы Әлем» компанияның  президенті.