Жасан Зекейұлы - Халықаралық «Жас-Ай» медициналық орталығының Бас директоры, «Жас-Ай» медициналық, ғылыми-ақпараттық журналының Бас редакторы, Медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Нұр Отан» партиясы «Жас-Ай» бастауыш партия ұйымының төрағасы, ҚР Ардагерлер Орталық Кеңесінің мүшесі, «Ел-шуақ» қоғамдық, қайырымдылық қорының құрылтайшысы, «Тарихи Атажұрт» қоғамдық бірлестігінің президенті, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Халықаралық «Сократ» орденінің иегері, Ресей медицина ғылымдарының докторы, Халықаралық Шығыстық емдеу академиясының академигі, Халықаралық шығармашылық академиясының академигі, Вена халықаралық университетінің «Құрметті профессоры», Оксфорд Академиялық Одағының және Еуропа медициналық қауымдастығының докторы әрі құрметті профессоры. 500-ге жуық ғылыми-зерттеу мақалалардың, ғылыми еңбектердің авторы. Медицина саласы бойынша 2 патенттің иегері.  

Жасан Зекейұлы 1967 жылдың 3-маусымында Қытай Халық Республикасының Суар Тарбағатай елді мекенінде дүниеге келген.

1973-1983 жылдары ҚХР Суар Тарбағатай аймағы, Толы ауданындағы №1-ші орта мектебінде білім алды. 1983-1989 жылы ҚХР СУАР медициналық институтының емдеу факультетін бітірді. 1989-1995 жылы Қытайдың Іле қазақ облыстық Күйтун орталық ауруханасында дәрігер-хирург және инемен емдеуші аға дәрігер қызметін атқарды. Хирургиялық ауруларды отамен және операциядан кейін ауруы асқынған сырқаттарды тибеттік емдік тәсілдермен емдеді. 1993-1995 жылы Хирургиялық сырқат бөлімінің меңгерушісі болды. 1994-1996 жылдар «Қазақта жиі кездесетін қылтамақ, бауыр, өт, қан қысымы ауруларын» арнаулы зерттеу үшін Бейжін, Тянь-Жин қалаларының медицина университетінде Қытай медицинасы бойынша білімін жетілдірді. 1996-1997 жылдар аралығында Қазақ ұлттық медицина университетінің орыс тілі кафедрасында орыс тілінен арнайы 1 жылдық дайындықтан өтті. 1997-1999 жылдары ҚР ҚазҰМУ «Хирургиялық сырқат» кафедрасының аспирантурасын бітірді. 1999 жылдан 2004 жылға дейін Алматы қаласының №12 клиникалық қалалық орталық ауруханасында Шығыс-тибет медицинасы мамандығы бойынша аға дәрігер қызметін атқарды. 2004 жылы «Жас-Ай» Шығыс-тибет медициналық орталығының негізін қалап, қазірге дейін осы мекеменің директоры әрі бас дәрігері қызметін атқарып келеді.

1995 жылы ҚХР Денсаулық сақтау ісі бойынша мемлекеттік 100 үздік жас маманның бірі болып бағаланды. 1995 жылы Тибет медицинасы саласына қосқан ерекше еңбегі үшін ҚХР денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «Жоғары білікті аға зерттеуші-дәрігер» атағына ие болды. 1998 жылы желтоқсан айында ҚХР Халықаралық инемен емдеу Академиясының академигі атағы берілді. 2002 жылы 13 қыркүйекте академик, профессор Аман Нұрмақовтың жетекшілігімен Алматы қаласының Сызғанов атындағы ғылыми - зерттеу институтында « Тибет медицинасы бойынша хирургиялық аурулардағы қабыну үрдістерінің алдын алу және емдеу» атты ғылыми еңбегін жазып, ҚР медицина ғылымдарының кандидаты атағын алды. 2004 жылы бастап Қазақстан халық емшілері Қауымдастығының мүшесі. Осы Қауымдастықтың құрметті мүшесі, «Өтейбойдақ», «Гиппократ» медальдарының иегері. 2005 жылы Қазақстан Республикасының халық емшілері қауымдастығы тарапынан Халықты рухани сауықтыру қызметіндегі табысы үшін және дәстүрлі халық медицинасының өркендеуіне қосқан үлесі үшін Құрмет Грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, 2006-2009 жылдары Қазақстан Халық емшілерінің қауымдастығы емшілікті дамытуға қосқан сүбелі үлесі, халық медицинасы мен рухани тәрбие ісіне қосқан жеке үлесі, халықтың денсаулығын жақсартудағы үздік жетістіктері мен нәтижелері үшін, Шығыс- Тибет медицинасының білгір ғалым – дәрігері ретінде Құрмет Грамоталары мен жыл сайын марапаттап тұрды. 2006 жылдың 22 желтоқсанында – Қазақстан халық емшілер қауымдастығының «15 жылдық мерейтойы медалімен марапатталды. 2007 жылдың 21 желтоқсанында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесіне сіңірген айрықша еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсалқасымен марапатталды. «Өмірді қорғау» қайырымдылық қорын құрып, өзі құрылтайшы болды. Осы қордың атынан тумысынан мүгедек ақын қыз Эльмира Омарбекованың шығармашылық кешін өткізуге атсалысты. «Нұрлы көш» бағдарламасын жүзеге асыру барысында оралмандардың үздік мақалаларын жариялауда қаржылық қолдау көрсетіп тұрды. 2007 жылы Халық медицинасы және ғарыштық қуат Академиясына академик болып өтті. «Халық медицинасы мен емшілік ісіндегі нәтижелі ізденістеріңіз үшін дипломымен марапатталды. «Жас-Ай» Шығыс-тибет медицина орталығы құрылғалы 70 мыңнан астам науқас қабылдап, оның ішінде 10 мыңға жуық адамға тегін ем көрсетілді. 2008 жылы 25 шілде де Халықаралық дәстүрлі халық емшілері және писхологтарының қауымдастығы атынан халық медицинасын дамытудағы және емшілік қызметіндегі үлкен жетістіктері үшін «Халықаралық санаттағы емші» деген атақ берілді. 2008 жылдың 27 қазанында жыл сайынғы «Алтын Жүрек» ұлттық жобаның сыйлығы қайырымдылық жасаудағы қара үзіп шыққан еңбегі үшін берілді. Осы жылдар ішінде ҚР Денсаулық Сақтау министрінің жауапты хатшысы Б.Садықовтың Алғыс хатымен, Көші-қон комиссиясының Алматы қаласы бойынша Департаментінің Алғыс хатымен, сондай-ақ, Төтенше-жағдайлар жөніндегі министрліктің алғыс хатымен марапатталды. 2008 жылы ҚР «Астанаға 10 жыл» медалімен марапатталды. 2009 жылы Тараз қаласында өткен қазақтың ғалым-емшісі «Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы атындағы VI Халықаралық Конгресте «Үздік зерттеуші-ғалым, емші» деген атаққа ие болды. 2009 жылы Вена Халықаралық университетінің «Құрметті профессоры» атағын иеленді. 2010 жылғы сәуір айында «Global» ұлттық, халықаралық конференция мен Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен Жапонияның Токио қаласында өткен жиналысқа арнайы шақырылып, медициналық мекемелерді тиімді басқарудың жапониялық тәжірибесін зерделеу әрі Жапония денсаулық сақтау орталықтарымен байланыс орнату мақсатында іссапарда болды. Жапония медициналық мекемелері тарапынан арнайы дипломдармен марапатталды. 2010 жылдың тамыз айында Ресей Халықаралық шығармашылық академиясының академигі атанды. 2010 жылы Дүниежүзі ғылымына қосқан елеулі үлесі үшін Халықаралық «Сократ» орденінің иегері атанды. 2011 жылғы 3 сәуірдегі ел Президентін сайлау науқанында«Нұр-Отан» саяси партиясының мүшесі Жасан Зекейұлын сайлауға белсене қатысқаны үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алғыс хатымен марапаттады. 2011 жылы мамырда АҚШ-тың Нью-Йорк, Бостон қалаларында өткен «Заманауи медициналық клиника: басқару және жабдықтау» конференциясына қатысып, Америка денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет» медалімен, сертификатымен марапатталды. 2011 жылы желтоқсан айында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 2009-2011 жылдар аралығында Жапония, Еуропа, Америка елдерінде арнайы іссапарда болып, медицина саласындағы озық жетістіктермен танысып, тәжірибе алмасты. 2012 жыл қаңтар айында Шымкент қаласында өткен «ТМД және Балтық елдерінде бәсекелестікке қабілетті, екі немесе үш тілде жалпы білім беру мектептерін құруүрдісіндегі инновациялық білім беру технологиясының интеграциясы» атты Халықаралық ғылыми -тәжірбиелік конференциясына қатысқаны үшін Сертификат алды. 2012 жылғы 28-ші ақпан айында Ресей Федерациясы Мәскеу қалалық Жоғары академияаралық аттестациялық комиссиясының шешімімен «Жүйкесі жұқарған емделушіні күйзелістен шығаруда дәрісіз емдеу және адамның хал-жағдайын қалпына келтіру үрдісін бақылау» докторлық диссертациясын қорғап «Медицина ғылымдарының докторы» дәрежесіне ие болды. 2012 жылдың 28-29 сәуіріне өткен Абылай ханның 300 жылдығына арналған «Өшпес рух» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қолдау көрсетіп,белсенділік танытқаны үшін сертификат, қатысушының кәсіби саладағы сіңірген еңбегі үшін Алғыс Хат, Абылай ханның 300 жылдығына арналған Алтын медалімен марапатталды. 2012 жылғы 14 маусым айында «Нұр Отан»партиясының Әуезов аудандық филиалы атынан «Әуезов ауданының 40 жылдығына байланысты «Медицина қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай партия саясатын насихаттап жүзеге асырудабелсенділік танытқаны үшін Алғыс хат табыс етілді. 2012 жыл қыркүйек айында «Нұр Отан»ХДП Алматы қалалық филиалы атынан «Мектепке барар жол»Республикалық акциясын өткізу барысында әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларына қол ұшын беріп, қайырымдылық көрсеткені үшін, балаларды мектепке дайындау шарасына белсенді атсалысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2012 жыл 28 қыркүйек күні Қазақ сөз өнерінің наркескені, халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 80 жасқа толу мерейтойына, яғни тұлғаның туған жері Жамбыл облысына барды. Республикалық деңгейде өткен айтулы шараға атсалысқаны үшін Алғыс Хат берілді. 2012 жылы 17 қазанда Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасынан Белсенді қоғамдық қызметі арқылы Алматы қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуына және ел ішіндегі ауызбіршіліктің нығая түсуіне қосқан қомақты үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.  2013 жылы Баян батыр Қасаболатұлына ескеркіш орнатып 300 жылдық мерейтойына 2 000 000 тенге үлес қосқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.  2013 жылы «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалының атынан Республикамыздың Тәуелсіздігіне 22 жыл толғанына орай «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық міндеттерін жүзеге асырудағы, нәтижелі еңбектері үшін Алғыс хатпен марапатталды.  2014 жылы ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қалалық орталығы тарапынан «Халықтық сапа» белгісімен марапатталды.  2014 наурыз мерекесіне орай өткізілген «Наурыз-2014» іс-шарасында ұлттық құндылықтарды сақтау, дамыту, жетілдіруге қосқан үлесі үшін және жүлделі орын алғаны үшін Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі тарапынан марапатталды.  2014жылы «Нұр Отан» партиясының 15 жылдық мерей тойына орай өткізілген іс-шарада, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы мен өркендеуі жолындағы белсенділігі мен ерен еңбегі үшін арнайы алғыс хатпен марапатталды. 2014 жылы «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі, қоғамдық қоры тарапынан ұлттық өнерге қолдау көрсетіп, асыл мұраларымызды қайта жаңғыртуға қосқан үлесі үшін арнайы Мақтау қағазымен марапатталды. 2014 жылы Алматы қаласы Спорт және туризм академиясының 70 жылдық мерейтойына орай, «Кекушинкай каратэ-до» Қазақстан чемпионаты бойынша ерлер мен әйелдер арасында өткен жарысқа бас демеуші ретінде қолдау көрсеткені үшін Мақтау қағазымен марапатталды.  2014 ж.«Халықаралық Ер Жәнібек қоғамдық қоры» 5 мың жылдық тарихы бар шығыс-тибет емін республикамызға енгізгені үшін және 10 жыл сапалы қызмет көрсетіп келе жатқаны үшін Алғыс хатпен марапаттады.  2014 ж.«Түркі халықтарының мәдени қоры» түркі халықтарының игілігі үшін жасап жатқан жаңашыл ем авторын Мақтау қағазымен марапаттады.  2015 жылы 5 қаңтар айында «Бейбітшілік Әлемі» Халықаралық Қазақ Шығармашылық бірлестігінен «Ұлт Мақтанышы-Гордость Нации» медалімен және дипломымен марапатталды. 2016 жылы 16 қаңтар айында Жасан Зекейұлы құрамына 193 мемлекет енетін Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық «Құрмет белгісі» орденімен және дипломымен марапатталды. 2016 жылдың 24 шілдесінде «Баян батыр» қоғамдық қорының атынан Бабамыздың аруағын ұлықтаудағы еңбегі үшін Қазақтың ұлы сардары «Баян батыр» медалімен марапатталды.  2016 жылы ардагерлерге арналған жеңілдіктері мен қайырымдылық жұмыстары бағаланып, «Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы» 81 кеңес мүшесінің бірі етіп Жасан Зекейұлын сайлап, «Құрмет Белгісі» төсбелгісімен марапаттады. 2016 жылы «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медицина орталығына Халықаралық Еуропалық медицина қауымдастығының, ОКСФОРД (Англия), ЕМА және басқа да ұйымдардың бірлесуімен «Халықаралық үздік клиника» деген атақ берілді. Қауымдастықтың №022 сертификаты, екі медалі құжатымен арнайы түрде тапсырылды. Сертификат «MEDICAL PRACTICE» медициналық практикалық үлгілер саласындағы сертификациялау орталығында тіркеліп, оған арнаулы нөмір беріліп, базаға енгізілді. 2016 жылы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.  2017 жылдың мамыр айында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жоғары кеңесі атынан Жасан Зекейұлы «Қазақстан ардагерлері ұйымына 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.  2017 жылдың 3 шілдесі күні Жасан Зекейұлы Оксфорд, Академиялық Одағының және медицина саласы бойынша Еуропалық Халықаралық Ассоциациясының докторы әрі Құрметті профессоры атағын иеленді.

«Меніңше, үлестің үлкен-кішісі жоқ! Осы ретте алдыма келген науқастарға қолымнан келген көмегімді аямауға тырысамын. Баладан үміті үзілген көптеген отбасыларының сәбилі болуына көмектесіп, әлеуметтік ахуалы төмен отбасыларына өз қалтамыздан қаражат шығару қажеттілігі де туындаған. Сөйтіп олардың тегін емделулеріне көмектестік. Шығыс-тибет медицинасының қыр-сырын отандастарыма шамам келгенше үйретіп жүрмін», – дейді дәрігер.

Сызғанов атындағы хирургиялық орталығында тұңғыш рет қазақ тілінде «Хирургиялық аурулардың және операциядан соң болатын асқынуларды қытай методикасын қолдану арқылы алдын алу және емдеу» тақырыбында диссертация қорғады. 280-ден астам БАҚ-на мақала, сұхбаттар жариялап, салауатты өмір салтын насихаттауда өз үлесін қосуда. Ондағы мақсаты - халыққа түрлі дерттерден сақтану жөнінде, сондай-ақ емделудің дұрыс жолдарын жеткізгісі келеді. Екі медициналық ғылыми патенттің және бес жүзден астам ғылыми еңбек авторы. Сонымен қатар 2012 жылғы 28-ші ақпан айында Ресей Федерациясы Мәскеу қалалық Жоғары академияаралық аттестациялық комиссиясы шешімімен «Жүйкесі жұқарған емделушіні күйзелістен шығаруда дәрісіз емдеу және адамның хал-жағдайын қалпына келтіру үрдісін бақылау» атты ғылыми еңбегі үшін «Медицина ғылымдарының докторы» ғылыми дәрежесі берілді. Сондай-ақ ҚХР академигі Сунның жетекшілігімен Емделуі қиын ауруларды инемен емдеу жолдары атты ғылыми докторлық еңбекті қорғады.