Жеңісбек Қвдырұлы 1972 жылы Моңғолиядағы Баян-Өлгейде дүниеге келген. Ол  шымыр денесін шеге теспейтін әрі тілсең пышақ кеспейтін экстремал.

Жеңісбек дүниеге келгенде салмағы бес келі болып туылған. Сондықтан анасы Шәрбану көп уақытқа дейін ешкімге көрсетпей өсірген. Ес біле келе қорада ойнап жүрген кезінде байқаусызда қозыны буындырып, өлтіріп алған кезі де болған.

Ол талай мәрте пышақпен денесін кестіріп, өткір араның жүзіне жатып, үстінен он шақты адамды өткізген. Сондай-ақ, екі шынашағымен 16 келі екі кір тасын, ал тісімен 32 келі кір тасын көтеріп, өнер көрсеткен кездері де болған.

"Болашақта Гиннестің рекордтар кітабына енсем деймін, оның да өзіндік ережерелі бар екен. Қазір бар күшімді соған салудамын" - дейді ол.

Жеңісбек Қадырұлы ҚР "Мәдениет майталманы" медалімен марапатталған.