1957 жылы 2 шілдеде Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген. Медицина ғылымдарының докторы (1996), Ресей медицина ғылымдары академиясының академигі (2005), Ақтөбе мемлекет медицина институтын (1980, қазіргі Батыс Қазақстан мемлекет медициналық академиясы) бiтiрген. 1982–84 жылдары  Ақтөбе қаласындағы  ауруханада дәрiгер-онколог қызметін атқарған.

1984–1993 жылдары  Ақтөбе облысы онкология диспансерiнiң торокалды бөлiмiн ұйымдастырып, басшылық еттi. 1993–1996 жылдары Ресей Онкология ғылым орталығында докторант, 1996–2001 жылдары Батыс Қазақстан мемлекет медицина академиясында онкология кафедрасының меңгерушiсi, 2001 жылдан бастап Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директор, А. ESSO, ASKO, ISDS және Ресей онкологтар қоғамының мүшесi болып жұмыс жасаған. 240-тан астам ғылым еңбектiң, 4 монографияның, 16 оқулық пен 17 жаңалықтың авторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми-хирургиялық орталығының директоры.