Нығманова Жібек Балташқызы - 1968 жылы 24 наурызда Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1984 жылы аудандық кітапханаға кітапханашы болып орналасты.

1987 жылы ҚараҒанды қаласының мәдени-ағарту училищесінің «Кітапхана ісі» сырттай оқу бөліміне түсіп, оны 1989 жылы аяқтады. 1987-2012 жылдары аудандық кітапхананың  әртүрлі бөлімдерінде кітапханашы болып қызмет етті.

Қазір аудандық кітапхананың бірыңғай кітап қорын сақтау бөлімінің кітапханашысы.

Кітапхана ісін дамытуда қосқан зор үлесі үшін облыстық, аудандық кітапханалардың мақтау грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.