Жұмабек Майлыбаев – эпидемиолог-дәрігер

Жұмабек Көлбайұлы медицинаның инфекциялық, психикалық, жүрек-қан тамырлар және т.б. аурулардың пайда болуы мен таралуын зерттейтін  салада аянбай тер төгіп, халықтың ықыласына бөленіп отыр.

Ол 1962 жылдың 19 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген.

1983-1989 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын гигиена-санитария, эпидемиология мамандығы бойынша аяқтап шыққан. Ал еңбек жолын «Коммунизм» совхозындағы Амангелді бөлімшесінде жұмысшы болып бастаған. 2007 жылдан  Қазығұрт аудандық емханасында эпидемиолог-дәрігер атқарып келеді.

Жұмабек Көлбайұлы бүгінге дейін бірнеше рет марапаттауларға ие болды, атап айтар болсақ, 2014 жылы Қазығұрт аудандық емханасының бас дәрігері «Алғыс хатымен», 2015 жылы Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының «Алғыс хатымен» марапатталған.