Жұмат Әнесұлы - ардагер журналист, жазушы, ақын, юморист, әдебиеттанушы, суретші.

"Мақтанышы елімнің", "Ұлтына ғұмырын арған ұлы тұлға", "Жұматтың ғазелдері мен әзілдері", ""Алаш туын көтергендер" атты және т.б. кітаптардың авторымын.  Ардагер журналистпін, жаушы, әдебиеттанушымын, ақын, суретшімін. Оған жоғарыда аты аталған кітаптарым дәлел. Аталған кітаптардың үшеуіндегі шығармаларымда  әдебиеттанушы ретінде Ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың, Алаш қайраткері М.Дулатовтың, А.Бірімжановтың,Н.Құлжанованың адами образдары мен шығармашылық портреттерін бере алдым. Сондай-ақ, қазақтың дарабоз ақындары Н.Ахметбеков, С.Мәуленов, Ғ.Қайырбеков, К.Мырзабековтің шығармашылық портреттеріде осы менің кітаптарымда. 
Ал, "Алаш туын көтергендер" атты шығармам ХХ ғасырдың бас кезіндегі Алаш қозғалысының, "Қазақ" газетінің тарихы, Алаш партиясы мен Алашорданың құрылуының тарихы толық көрсетілген деуге болады. Қазіргі уақытта Алаш тарихын толық сипаттайтын менің осы мақаламнан басқа мақала жоқ десем артық емес. Орта ғасырдағы қазақ тарихы туралы да біраз елге белгілі болған еңбектерім бар.


Үшіншіден, мен суретшімін. Бұрынғы қазақ суретшілерінен артық емеспін, кем де емеспін. Менің өзіме ғана тән стильде жазылған А.Байтұрсыновтың, С.Мәуленовтің, күйші Үлкенбаеваның, ақын М.Айтхожинаның портреттері мен бірге, натюрморттарым, пейзаждарым бар.