Зухра Жолдасқызы 1980 жылы әл-Фараби атындағы Шымкент педагогика мәдениет институтының «кітапханатану-библиография»  мамандығын  меңгерген.  

Кітапхана саласына сіңірген еңбегі зор. Зухра Жолдасқызының еңбек өтілі 40 жыл. Еңбек жолын Киров ауданы, «Победа» совхозы  мақта шаруашылық жұмыс комитетінде кітапханашы болып бастаған. Кейіннен А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасының кітапханашы, №2 кітапхана бөлімшесінің І дәрежелі кітапханашысы, жоғары дәрежелі кітапханашысы,  меңгерушісі қызметтерін атқарды. Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы  мәдениет басқармасы Облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы  «Ең үздік өлкелік библиографиялық құрал» атты облыстық байқауда үздік деп танылып ІІ орын дипломымен марапатталған.