Зүльфия Бисенғалиева – педагог

Ол педагогикалық еңбек жолын 1980 жылы Гурьев облысының Махамбет ауданының Сартоғай орта мектебінде география және биология пән мұғалімі болып  бастады. 1982 жылы тұрмысқа шығып, әлеуметтік жағдайы өзгеріп, қаладағы № 18 мектепке география және биология пән мұғалімі болып орналасты. 1986 жылдан бері педагогикалық еңбегін № 12 орта мектепте  жалғастыруда. Көп жылдары география және тарих пән бірлестігінің жетекшісі болды. Сонымен қатар кәсіподақ ұйымын басқарды. 2010-2015 жылдар аралығында мектеп директорының  әдістемелік ісінің орынбасарының ісін атқарды.

Шығармашылықпен жұмыс жасай жүріп, өзінің іс-тәжірибесін жинақтаумен қатар, облыстық, қалалық көлемде өткен шараларға белсене араласады. Қалалық география пән мұғалімдерінің  шығармашылық тобының жетекшісі. Үнемі өз іс-тәжірибесімен мектепішілік шараларда, қалалық,облыстық семинарларда мұғалімдерімен бөліседі. Мектепте жас мамандарға  жетекшілік етеді, оларды оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерімен таныстырады.

2014 жылы Республикалық Ұлттық  Біріңғай тестілеу ортылғында география пні бойынша тестерді сараптау  жұмысына қатысып келді. Жыл сайын ҰБТ кезінде шағым комиссиясының жұмысына қатысады. 

Республикалық ғылыми-әдістемелік «География в школах и ВУЗах Казахстана» атты  2006 жылының № 6 журналының бетінде 8 сыныпқа арналған «Атырауская область:физико-географическое  положение, границы, рельеф, полезные ископаемые», «Климат, внутренние воды, почвы, растительный и животный мир Атырауской области» тақырыбындағы сабақ жоспарлары, 2009 жылының № 9 журналында «Экспедиция по Казахстану» атты қайталау сабағының жоспары, 2011 жылының № 4 журналының бетінде «Организация самостоятельной работы учащихся при различном сочетании деятельности учителя и школьников» атты статьясы;  2016 жылының № 6 журналылының бетіне 9 сыныпқа арналған "Цветная металлургия. Металлургия тяжелых металлов" сабақ жоспары жарық көрсе, 2017 жылдың №2 басылымында  8 сыныпқа арналған" Влияние климата на жизнь, здоровье и хозяйственную деятельность людей" тақырыбындағы сабақ жоспары жарияланды.

Соңғы оқу жылында оқушысы Кайратов Жантас география пәнінен облысытық олимпиадасында 1 орынға иеленіп, Республикалық олимпиадасына қатысып келді. Және Кайратов Жантас «Земельные ресурсы Атырауской области и их рациональное использование» тақырыбындағы ғылыми жобасымен республикалық деңгейдегі оқушылар арасындағы сайысқа қатысып, сертификатқа иеленді. Оның  еңбегі 2009,2010,2011, 2013 жылдары қалалық бөлімінің,2014 жылы Облыс білім басқармасының, 2016 жылы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Құрмет грамоталарымен, "Казақстан Республикасына 25 жыл" медалімен марапатталды.