Зүлфия Бекходжаева – «Балалар өнер мектебі» МКҚК-да фортепиано мұғалімі және концертмейстер

Зүлфия Исламқызы өзінің педагогикалық еңбек жолында тек жақсы қырынан танылып келеді. Өз ісіне құштар, кәсіби шеберлігі толысқан, балаға үйретуден жалықпайтын Зүлфияның ұстаздығымен неше бала өнер жолына қадам басып жатыр. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шәкірттері еліміздің өнер саласына да өлшеусіз үлес қосып жатыр.

Ол 1980 жылы 22 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген.

Зүлфия Исламқызы еңбек жолын фортепиано мұғалімі және концертмейстер болып «Балалар өнер мектебі» МКҚК-дан бастаған. Ол 2005 жылдың 1 қыркүйегі еді. Педагогикалық жұмысының бүкіл кезеңінде өзін тек оң қырынан танытып келеді. Өзін кәсіби маман ретінде көрсетіп жүргенінің дәлелі - шәкірттерінің бірнеше концерттерде өнер көрсетіп, облыстық, республикалық байқауларда жүлдегер атануы. Зүлфия «Зимняя сказка в Алматы - 2016» фестиваліндегі оқушысының жетістігі үшін, «Көктемді көңіл-күй» атты концертті тамаша ұйымдастырғаны үшін марапаттарға ие болды. Сондай-ақ, Зүлфия Исламқызы шәкірттері халықаралық фестивальдерде жүлдегер болып, ұстазының мерейін үстем етіп жүр.

Зүлфия Бекходжаева – жүректің отын, ақыл – ойдың шамын жаққан өнегелі ұстаз.